Елордада Қарулы күштер басшылық құрамының жиыны өтуде

Елордада Қарулы күштер басшылық құрамының жиыны өтуде

Нұр-Сұлтанда Қазақстан Қарулы күштерінің басшылық құрамымен оқу-әдістемелік жиыны өтіп жатыр. Оған Қарулы күштердегі әскер түрлері бас қолбасшыларының орынбасарлары, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері мен әскер тектерінің қолбасшылары, әскери бөлімдер мен мекемелердің командирлері қатысуда.

Жиын қазіргі заманғы қарулы қақтығыстар мен әскери қауіпсіздіктің өзекті қауіп-қатерлері уағында әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету тәсілдерін жетілдіру мақсатында өткізіліп жатыр.

Оқу сабақтары Қорғаныс министрінің орынбасарлары мен Қарулы күштер Бас штабы бастығының орынбасарларының басшылығымен жетекшілік ететін бейінді бағыттар бойынша өтеді. Іс-шаралар алдын-ала бөлінген оқу топтары бойынша бірнеше объектілерде бір уақытта өткізілетінін айта кеткен жөн.

Жиынды ұйымдастырушылар «Батыл Тойтарыс – 2022» кешенді ведомствоаралық стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуын талдауға ерекше назар аударды. Бұл маневрлер осы жылдың сәуір айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың күштік құрылымдарды тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету, олардың жедел және әскери-техникалық үйлесімділігін ретке келтіру, сондай-ақ ведомствоаралық үйлестіруді күшейту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында жүзеге асырылады. Қорғаныс министрінің басшылығымен оқу-жаттығуға жан-жақты талдау жүргізілді. Жауынгерлік тапсырмаларды орындауға қатысқан әрбір бөлімшенің іс-қимылдарына баға берілді.

Жиын барысында әскери-ғылыми конференция өтті. Оның барысында Қарулы күштердің құрылысы мен дамуындағы негізгі процестер, қазіргі заманғы әскери қақтығыстардың сипаты мен мазмұнының өзгеруі қаралды.

Бас штаб жедел, тактикалық және тактикалық-арнайы тапсырмаларды шешу арқылы Қарулы күштердің командалық құрамының білімі мен даярлық деңгейін тексерді.

Одан бөлек жиынға қатысушылардың барлығы дене шынықтыру және оқ ату дайындығынан да нормативтер тапсырды.

Аталған шара Қарулы күштердің 2022 оқу жылының қысқы кезеңіндегі қызметінің қорытындылары шығарылып, жазғы оқу кезеңіне міндеттер қойылатын Қорғаныс министрлігінің алқа отырысымен аяқталады.