Үндістанның әскери атташесі Алматыдағы Бітімгершілік дайындық орталығына барды

Үндістанның әскери атташесі Алматыдағы Бітімгершілік дайындық орталығына барды

Полковник Дирадж Рамананд орталықтың қызметімен және қазақстандық бітімгерлердің оқу-жаттығу процесімен танысты.

Үндістанның әскери атташесі өткен жылы Үнді тарапының көмегімен жабдықталған Қазақстан-Үндістан бітімгершілік даярлық сыныбының жұмысына ерекше назар аударды.

Қазіргі уақытта қазақстандық бітімгерлер БҰҰ-ның Ливандағы миссиясына Үнді батальоны құрамында қатысып жатқанын айта кеткен жөн.