Қазақстан Қорғаныс ведомствосының делегациясы министрдің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайыновтың басшылығымен Доха қаласында өткен «DIMDEX-2022» теңіз қорғанысы халықаралық көрмесіне қатысты.
Көрме барысында генерал-лейтенант Марат Құсайынов Катар мемлекеті Қарулы күштері Бас штабының бастығы Әл-Нәбитпен, сондай-ақ Катардың «Bаrzan Holdings» Ұлттық қорғаныс-өнеркәсіп холдингінің президенті және бас директоры Әл-Наймимен кездесті.
Тараптар әскери білім беру, жауынгерлік даярлық, сондай-ақ әскери спорт саласындағы әскери ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылады.