Алматыдағы Бітімгерлерді даярлау орталығында шетелдік делегация болды

Алматыдағы Бітімгерлерді даярлау орталығында шетелдік делегация болды

Бас Консул Кэролайн Сэвидж бен АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы әскери атташесі подполковник Майкл Уайздың сапары барысында бітімгерлік қызметтің өзекті мәселелері талқыланды.

Орталық бастығы полковник Бауыржан Нығматуллин қонақтарды оқу процесімен, бағдарламалармен және бітімгершілік, тілдік дайындықтар саласындағы басым жобалармен таныстырды.

Шетелдік делегация орталықтың бітімгершілік әлеуетті дамытуға қосқан үлесін атап өтті.