Қорғаныс министрлігінде өткен кездесуде әскери-техникалық ынтымақтастық талқыланды

Қорғаныс министрлігінде өткен кездесуде әскери-техникалық ынтымақтастық талқыланды

Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов ASELSAN компаниясының бас директоры Халюк Гергюнді қабылдады.

Кездесу барысында өзара іс-қимылдың ағымдағы мәселелері, Қазақстан Қарулы күштерінің мүддесінде әскери өнімді жеткізу саласындағы ынтымақтастықтың даму көкжиегі талқыланды.

Aselsan концерні бүгінде Түркияның қорғаныс өнеркәсібінің жетекші компаниясы болып табылады. Ол өнімін әлемнің 20-ға жуық еліне экспорттайды.