Қазақстан Қорғаныс министрлігі Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде өзара іс-қимылды дамытуда

Қазақстан Қорғаныс министрлігі Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде өзара іс-қимылды дамытуда

Ташкентте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Қарулы күштерінің халықаралық әскери ынтымақтастыққа жауап беретін құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кездесті.

Кездесуге Қазақстаннан Қорғаныс министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары полковник Валерий Вишникин қатысты.

Іс-шара барысында 2022 жылғы сәуірде Өзбекстан астанасында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Қорғаныс министрлері кеңесінің күн тәртібі пысықталып, хаттамалар мен бірлескен ресми хабарлама әзірленді.