Қазақстан мен Өзбекстан әуе шабуылына қарсы қорғаныс және әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі келісімге қол қойды

Қазақстан мен Өзбекстан әуе шабуылына қарсы қорғаныс және әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі келісімге қол қойды

Әуе шабуылына қарсы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою  болуы ықтимал қатерлерге уақтылы ден қою, оны алдын алу мақсатында Қазақстан мен Өзбекстан әуе шептерін күзететін кезекші күштер мен құралдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін реттейді. Одан басқа, Қазақстан мен Өзбекстан әскери авиациясының әуе айлақтарды бірлесіп пайдалану келісіміне қол қойылды.  Бұл  екі тарап үшін авиацияның ұшу тәртібін жеңілдетуге, тұрақты орналасу пунктінен ұзақ қашықтықта болатын ұшу аппараттарына техникалық қызмет көрсетуді және оларға отын құюды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Келісім әскери ынтымақтастықты кеңейтудің кезекті кезеңі, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту үшін негіз болып табылады.