Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің корабльдері курстық тапсырмаларды орындауда

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің корабльдері курстық тапсырмаларды орындауда

Әскери-теңіз күштері корабльдерінің, катерлері мен кемелерінің экипаждары орналасқан пунктерінде корабльдік оқу-жаттығуларды өткізуге кірісті. 

Арнайы К-1 курстық тапсырмасы кемені жүзуге дайындауды, базаның жағдайында жауынгерлік және күнделікті ұйымдастыруды пысықтауды қамтиды. Ол сәтті орындалған соң теңізге шығуға рұқсат беріледі.

Корабльдердің экипаждары жауынгерлік міндеттерді орындаудан дағдыларын жетілдіріп, оның өміршеңдігі үшін күресуден, сондай-ақ радиациялық, химиялық және биологиялық қорғанудан нормативтерді пысықтайды. Диверсияға қарсы және әуе шабуылына қарсы қорғаныс шараларына да ерекше көңіл бөлінеді.

–  Әскери-теңіз күштерінде курстық тапсырманы орындау – корабльдерді және қосымша кемелерді дайындау бағдарламасының маңызды кезеңі. Экипаждармен сабақтар ұдайы түрде өткізіледі, себебі әрбір әскери корабльді жорыққа дайындаудың өзіндік ерекшеліктері бар, – деп түсіндірді «Қазақстан» зымыран-артиллериялық кораблінің командирі 3-дәрежелі капитан Руслан Яхьяров. 

Экипаждар даярлықтың келесі кезеңінде Каспий теңізінің қазақстандық секторында оқу-жауынгерлік міндеттерді орындайды.