Әскери міндеттілер мен шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларына өзгерістер енгізіледі

Әскери міндеттілер мен шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларына өзгерістер енгізіледі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында Қорғаныс министрлігі «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Қорғаныс министрі бұйрығының жобасын әзірледі.

Жобаға өзгерістер әскери есепке қоюға жататын адамдарды нақтылау бөлігінде енгізіледі, атап айтқанда:

- әскери қызметтен запаста болудың шекті жасына толуы бойынша отставкаға шыққан немесе әскери есептен шығарылған не әскери есептен шығара отырып, әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдар;

- Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының қызметкерлері, сондай-ақ курсанттары мен тыңдаушылары қатыса алады.

Құжаттың толық мәтінімен 2022 жылғы 7 ақпанға дейін ашық нормативтік құқықтық актілер порталында мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13969085