ҚР Қарулы күштері арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды

ҚР Қарулы күштері арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды

Ел Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №779 http://zan.gov.kz/client/#!/doc/163871/kaz жарлығымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымын кіретін Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды.

Арнайы операциялар күштері елдің қорғаныс қабілеті мен әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында, оның ішінде антитеррорлық операцияларға және заңсыз қаруланған құралымдарға қарсы іс-қимыл жасауға қатысу арқылы арнайы міндеттерді шешуге арналған.

Қорғаныс министрлігі қолбасшылықтың күштері мен құралдар құрамын, міндеттері мен функцияларын айқындады. Оны құруға қажетті әлеует бар.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру, әскердің жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру мақсатында Қарулы Күштердің жұмысын қайта құру жұмыстары жалғасуда.