Парашюттік даярлық ережесіне өзгерістер енгізіледі

Парашюттік даярлық ережесіне өзгерістер енгізіледі

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде парашют (парашюттік-десанттық, әуе-десанттық) даярлығы жөніндегі ережені бекіту туралы» Қорғаныс министрі бұйрығының жобасын әзірледі.

Құжатта Қазақстан армиясында парашют даярлығының тәртібі айқындалған. Бұл парашют жүйелерін пайдалана отырып десант түсіруді орындайтын бөлімшелердегі жауынгерлік даярлықтың негізгі пәні болып табылады. Парашют даярлығының мақсаты – оқу-жауынгерлік және арнайы міндеттерді орындау үшін жеке құрамның, қару-жарақтың, әскери техника мен жүктердің ұдайы әзірлігін қамтамасыз ету болып табылады.

Құжаттың толық мәтінімен 2022 жылдың 28 қаңтарына дейін ашық нормативтік құқықтық актілер порталында мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13955027.