Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштер қолбасшылығының мәлімдемесі

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен ҰҚШҰ Ұжымдық  бітімгершілік күштер қолбасшылығының мәлімдемесі

Генерал-полковник Андрей Сердюков, ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің қолбасшысы:

- ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне сәйкес ұжымдық бітімгершілік күштер Қазақстан Республикасының аумағында өрістетуді аяқтады.

Қазіргі уақытта бітімгершілік күштер бөлімшесі маңызды мемлекеттік, әскери және әлеуметтік маңызы бар объектілерді қорғау жөніндегі міндеттерді орындайды.

Әскери контингенттерді жедел орналастыру және қамтамасыз ету мәселелерін жедел шешкені үшін Қазақстан тарапына ризашылығымды білдіремін.

Ресей Әскери-ғарыш күштері әскери-көлік авиациясының ұшақтары Ресей Федерациясының аумағына оралуға ниет білдірген Алматы қаласында демалыста немесе туыстарының жанында жүрген Ресей азаматтарын жіберуді ұйымдастырды.

Ұжымдық бітімгершілік күштер бөлімшелерінің міндеттерді орындауы жағдай толық тұрақталғанға дейін жалғастырылатын болады.

 

Генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары:

- Қазақстан Республикасының аумағында жағдай тұрақталуда және билік органдарының бақылауында.

ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштерінің қолбасшылығы мен жеке құрамына Қазақстан халқына көрсеткен бауырластық көмектері үшін алғыс айтқым келеді.

Бітімгерлердің анағұрлым маңызды объектілерді күзетке алуы, құқық қорғау органдары мен қарулы күштердің террористерге қарсы күреске жіберілген күштері мен құралдарының едәуір бөлігін босатуға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Репсубликасының аумағында террорға қарсы операция жалғасуда. Ол террористерді толық жойғанға дейін жүргізілетін болады.