Әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізіледі

Әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізіледі

«Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрықтың жобасы әзірленді.

Енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар оқуға түсушілерді іріктеу сапасын арттыруға бағытталған. Жаңа редакцияда конкурстық іріктеу, түсу емтихандарын өткізу, қабылдау комиссияларының шешімдерін ұсыну мерзімдері өзгерді.

Сондай-ақ оқуға түсуге үміткерлерді медициналық куәландыру қандай нормативтік құқықтық актілер бойынша жүргізілетіні, апелляциялық комиссияның жұмыс тәртібі, апелляцияға өтініштер беру және оларды қарау мерзімдері нақтыланды.

Бұйрықтың толық мәтінімен 2021 жылғы 24 желтоқсанға дейін танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13730081.