Полиграфологиялық жабдықпен қамту нормасы бекітіледі

Полиграфологиялық жабдықпен қамту нормасы бекітіледі

Қорғаныс ведомствосы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арсеналдарында, базалары мен қоймаларында қару-жарақты сақтауға байланысты лауазымдардан үміткерлерге психофизиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер жүргізу үшін полиграфологиялық жабдықпен қамту нормаларын бекіту туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі.

Жаңа редакцияда Тыл бастығы және қару-жарақ басқармасын полиграфологиялық жабдықтар жиынтығымен қамтуы толық нақтыланды.

Аталмыш құжатты бекіту Қарулы Күштердің арсеналдарында, базалары мен қоймаларында қару-жарақтың сақталуына байланысты лауазымдарға үміткерлерді арнайы психофизиологиялық және полиграфологиялық тексеруден өтуін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және Қорғаныс министрлігінің ішіндегі құжаттарды іске асыру мен оларды сақтаудың құқықтық негіздерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен төмендегі сілтеме арқылы 2021 жылғы 20 желтоқсанға дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында таныса аласыздар: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13561558.