Бірқатар нормативтік құқықтық актілер күшін жойды

Бірқатар нормативтік құқықтық актілер күшін жойды

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» бұйрығының жобасын дайындады.

ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы «Ашық деректер интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту туралы» № 774 қаулысының бекітілуіне байланысты бұйрық жобасында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің келесі:

- «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы» 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 52;

- «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 52 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 440;

- «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 52 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2019 жылғы 12 маусымдағы № 457 бұйрықтарының күші жойылды деп тану ұсынылады.

Құжаттың толық мәтінімен 2021 жылғы 20 желтоқсанға дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13568332.