Қазақстанның Қырғызстан мен Тәжікстанға әскери мүлік беру туралы заңдарына Президент қол қойды

Қазақстанның Қырғызстан мен Тәжікстанға әскери мүлік беру туралы заңдарына Президент қол қойды

Қазақстан Қырғызстан мен Тәжікстанға әскери-техникалық көмек көрсетеді.  2021 жылғы 2 желтоқсанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті заңдарға қол қойды.

Қол қойылған құжаттар арасында:

- «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы тәжік-ауған шекарасының іргелес аудандарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңы;

- «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңы;

- «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңы бар.

Келісімдерде қырғыз және тәжік елдеріне әскери мүлікті, атап айтқанда оқ-дәрілер мен арнайы жабдықтарды бір рет беру қарастырылған.