Аумақтық әскерлерді қамтамасыз ету жөніндегі заңнамаға өзгерістер енгізіледі

Аумақтық әскерлерді қамтамасыз ету жөніндегі заңнамаға өзгерістер енгізіледі

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.

Аумақтық әскерлер органдарын қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты түзетулер енгізіледі. Жаңа редакцияда аумақтық әскерлердің өңірлік органдары үшін қару-жарақ, әскери техника және арнайы құралдар қорларын сақтау мен құруды ұйымдастыру жөніндегі функцияны Қорғаныс министрлігіне бекіту ұсынылады.

Құжаттың толық нұсқасымен 2021 жылғы 14 желтоқсанға дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13470109.