Еліміздің жетекші әскери жоғары оқу орнында Қарулы Күштердің қалыптасуындағы Елбасының рөлі талқыланды

Еліміздің жетекші әскери жоғары оқу орнында  Қарулы Күштердің қалыптасуындағы Елбасының рөлі талқыланды

Ұлттық қорғаныс университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы және тәуелсіздік: қуатты қауіпсіздік – қуатты Қазақстан» форумы өтті.

Іс-шара аясында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың елдің қорғаныс қабілетін нығайтудағы тиімді мемлекеттік қызметтің маңызды аспектілері қаралды.

– Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан мемлекеттінің, оның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жандануына ықпал етті, – деп атап өтті Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов.

Баяндамашылар сөйлеген сөздерінде мемлекеттің ұлттық қауіпсіздікті қалыптастырудағы, ел тәуелсіздігін нығайтудағы, сондай-ақ оның орнықты және табысты даму траекториясын қамтамасыз етудегі Елбасының айрықша рөлін айтты.

Форумға қатысушылар қазіргі кезде Елбасының жеке басын әскери-саяси аспектіде кешенді зерделеу, оның мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі тарихи маңызды рөлін зерттеу қажеттілігі артты деген пікірге келді.