Әскери қызметшілер короновирусқа қарсы қайта вакцина алады

Әскери қызметшілер короновирусқа қарсы қайта вакцина алады

Қазақстанның Қарулы Күштерінде жеке құрамды қайта иммундау жүргізілуде. Қорғаныс министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы Бас әскери емханасында және Алматы гарнизонындағы әскери емханасында ревакцинация ұйымдастырылды.

Әскери қызметшілер COVID-19 вакцинасын тіркелген жеріндегі азаматтық емдеу мекемелерінде салдыра алады. Сонымен қатар, әскери және азаматтық емдеу мекемелерінің көшпелі егу бригадалары да ревакцинация жүргізеді.

Коронавирус инфекциясына қарсы қайта вакцина салуда бастапқы курста алмаған вакциналар салынады.

Қайта екпе алудың міндетті шарты – аралықтарды қатаң сақтау. Бас әскери-медициналық басқармасы векторлық вакциналарды енгізгеннен кейін қайта екпе алу тоғыз айдан кейін, белсенді емес вакцинациядан кейін – алты айдан кейін жүргізілуі тиістігін түсіндірді.

Қазақстанның Қарулы Күштерінде коронавирус инфекциясына қарсы ұжымдық иммунитет әскери қызметшілерді жаппай иммундау нәтижесінде қалыптасқанын атап өткен жөн.