Азық-түлікпен жабдықтау нормалары өзгереді

Азық-түлікпен жабдықтау нормалары өзгереді

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін бейбіт уақытта азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-ас үйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі.

Жаңа редакцияда әскери қызметшілер жол жүру барысында, далалық жағдайларда, оқу-жаттығуларда, маневрлерде, полигондарда, әскери бөлімнен бөлек орналасқан бөлімшелерде, дүлей зілзалалар мен апаттар аудандарында, төтенше жағдайлар кезінде, қарулы қақтығыстар кезінде, бітімгершілік операцияларында ғана емес, сондай-ақ стационарлық жағдайларда (асханаларда, тамақтану пункттерінде) жеке тамақтану рационымен қамтамасыз етілетіні жан-жақты көрсетілген. Сонымен қатар жаңарту жоспарына сәйкес белгіленген кезеңде негізгі рацион өнімдерін ыстық тамақпен алмасып беру қарастырылған.

Одан өзге де, ұйымдық-штаттық іс-шараларды өткізуге байланысты үлес нормаларының атауына редакциялық түзетулер енгізіледі.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен 2021 жылғы 9 желтоқсанға дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13306298.