Әскери қызметшілердің дене даярлығы қағидаларына өзгерістер енгізіледі

Әскери қызметшілердің дене даярлығы қағидаларына өзгерістер енгізіледі

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене шынықтыру дайындығы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 438 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасын әзірледі.

Аталған өзгерістер бұрын пайдаланылған «сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар), офицерлер құрамы» деген ұғымдарды «қатардағы, сержанттар және офицерлер құрамы лауазымдарына» ауыстыру қажеттілігіне байланысты енгізіледі.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында биылғы жылдың 7 желтоқсанына дейін мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13198034.