Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қаржылай қолдау жөніндегі қаулы жобасына өзгерістер енгізіледі

Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қаржылай қолдау жөніндегі қаулы жобасына өзгерістер енгізіледі

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.

Түзетулер азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне қатысты.

Жаңа редакцияда мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қызметкерлерге еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту ұсынылады.

Бұл құжаттың толық мәтінімен 2021 жылғы 10 желтоқсанға дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13348631.