Сенаторлар Қырғызстан мен Тәжікстанға көмек көрсету туралы келісімдерді қабылдады

Сенаторлар Қырғызстан мен Тәжікстанға көмек көрсету туралы келісімдерді қабылдады

Парламент Сенатының отырысында көрші мемлекеттерге әскери көмек көрсету жөнінде келісімдер ратификацияланды. Бұлар – «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» заңдар.

Келісімдерде қырғыз және тәжік тараптарына әскери мүлікті, атап айтқанда оқ-дәрілер мен арнайы жабдықтарды бір реттік беру көзделген. Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Руслан Шпекбаев әскери мүлікті Қырғызстанға беру Қазақстанның жауынгерлік әзірлігі мен қорғаныс қабілетіне әсер етпейтінін, өйткені көмек Қарулы Күштердің ағымдағы үлесінің нормативтен тыс қорларынан көрсетілетінін атап өтті.

Тәжікстанға әскери-техникалық көмек көрсету Қарулы Күштердің осы қатерлерге тойтарыс беру мүмкіндіктерін күшейтіп, Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін нығайтады.

Сондай-ақ сенаторлар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы тәжік-ауған шекарасының іргелес аудандарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарап, қабылдады.

https://senate.parlam.kz/kk-KZ/news/details/5657