Қазақстанның әскери қызметшілері ҰҚШҰ-ның «Эшелон-2021» арнайы оқу-жаттығуына қатысады

Қазақстанның әскери қызметшілері ҰҚШҰ-ның  «Эшелон-2021» арнайы оқу-жаттығуына қатысады

Бұл оқу-жаттығу 18-23 қазан аралығында Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қарулы күштері материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелерінің қатысуымен «Харбмайдон» (Тәжікстан Республикасы) полигонында өтеді.

Қазақстаннан «Эшелон-2021» арнайы оқу-жаттығуына 20-ға жуық әскери қызметші қатыспақ. Бірлескен маневрлер барысында шекара маңындағы қарулы қақтығысты ауыздықтау операцияларын дайындау және оларды өткізу кезінде Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының әскерлерін (Ұжымдық күштерін) материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелері пысықталады.