Ресми хабарлама

Ресми хабарлама

2021 жылдың 10 қазанында сағат 7.20 шамасында Жамбыл облысының Сарыкемер ауылындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағында бұрын зақымданған жарылғыш заттар өртенді. 

Жарылыс салдарынан оқ-дәрілердің қалдықтары мен бөлшектері  жан-жаққа ұшпаған. Бұл жұмыстан тыс уақытта орын алды. Жақын жерде адамдар болмаған. Ғимараттар мен құрылыстар зақымдалмаған.  Аудандағы ахуал тұрақты.

Алдағы уақытта да бұндай жағдайлар орын алу мүмкін. Одан  бөлек, қойма аумағында қауіпті оқ-дәрілердің бақыланатын жарылыстары жүргізілетін болады.

Қазіргі уақытта а.ж. 26 тамызында өртенген қойманың техникалық аумағын жарылғыш заттардан тазарту жұмыстары жалғасуда.