ҚР ҚК әскери қызметшілері арасындағы шаңғы спортының чемпиондарына наградалар тапсырылды

ҚР ҚК әскери қызметшілері арасындағы шаңғы спортының чемпиондарына наградалар тапсырылды

Астанада Қорғаныс министрлігінің Орталық аппараты мен Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы құрылымдық бөлімшелерінің әскери қызметшілері арасында шаңғы спорты бойынша чемпионат өтті. Турнирге Ақмола өңірлік гарнизонының 80-нен аса әскери қызметшісі қатысты. «Спорттың әскери-қолданбалы түрлері әрқашанда әскери қызметшінің жауынгерлік әзірлігінің ажырамас бөлігі болып табылады. Қазіргі уақытта шаңғы спортының әлеуеті  маңызды жеңіске қол жеткізу, яғни, ұлтты сауықтыруда өз мәнін жоғалтқан емес. Бәлкім, бүгінгі чемпионат бірқатар әскери қызметшілер үшін үлкен спорттық жеңістер мен шыңдарға жетуге серпін беретін шығар», - деді сайыс қатысушыларына ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Әділбек Алдабергенов. Департаменттер арасындағы чемпионат қорытындысы бойынша Сержанттар басқармасымен жұмыс басқармасы үздік атанды. Екінші орында Кадрлар департаментінің командасы, үшінші орынды Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің командасы қанжығалады. «Соңғы жылдар бойы командамыз чемпионатта үшінші орынды алып келді. Биылғы жылы біздің мақсатымыз жеңіс тұғырынан көріну болды. Біз сайысқа барлық күш-жігерімізді салып дайындалдық және мақсатымызға қол жеткіздік», - дейді шебер-себержант Павел Шишкин.   Бас басқармалар арасында бірінші орынды ҚР ҚМ Режім мен қауіпсіздікті ұйымдастыру жөніндегі Әскери полиция жасағы жеңіп алды. Чемпионаттың «күміс» жүлдесі Оқ-дәрілер бас басқармасының әскери қызметшілеріне, ал «қола» жүлде Әскери полиция бас басқармасына бұйырды. Қазақстанның Қарулы Күштерінде әскери қызметшілердің дене даярлығы бағдарламасы шеңберінде спорттың қысқы түрлеріне айрықша көңіл бөлінеді. Ол үшін әскери бөлімдер мен мекемелерде ҚР ҚМ АОСК-ның тәжірибелі нұсқаушылары шаңғы дайындығы бойынша сабақтар өткізеді.  Алғашқы оқу кезеңінің үш айы ішінде ҚР ҚК-де сабақтар барысында әрбір әскери қызметші шаңғымен шамамен 100 шақырымдай қашықтықты жүріп өтеді.