Қазақстанның әскери дәрігерлері америкалық әріптестерімен медициналық логистика аясында тәжірибе алмасты

Қазақстанның әскери дәрігерлері америкалық әріптестерімен медициналық логистика аясында тәжірибе алмасты

АҚШ-тың қауіпсіздік шеңберінде әскери ынтымақтастық кеңсесі ұйымдастырған бұл іс-шара Алматыда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери медицина орталығында өтті.

Іс-шараға Қазақстан Қарулы Күштері Бас әскери-медициналық басқармасының, Қорғаныс министрлігінің Әскери клиникалық госпиталінің және медициналық техника мен мүлікті сақтау базасының өкілдері қатысты.

Америкалық сарапшылар медициналық логистика аясындағы тәжірибелерімен, тактикалық тәсілдер жүйесімен, әдістер мен іс-қимылдармен бөлісті. Бұл ретте Біріккен ұлттар ұйымының әскерлер қызметін медициналық қамтамасыз ету стандарттарына назар аударылды.