Қорғаныс министрлігінде қазақстандық-британдық әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қорғаныс министрлігінде қазақстандық-британдық әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Тимур Дәндібаев Ұлыбритания Қарулы Күштерінің Мемлекеттік министрі Джеймс Хэппимен кездесті.

Тараптар Ауғанстандағы ахуалды, сонымен қоса Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы тілдік және бітімгерлік даярлық шеңберіндегі әскери ынтымақтастықты талқылады.