Ресми түсіндірме

Ресми түсіндірме

Жамбыл облысындағы өрт шыққан әскери бөлімнің тағы бір әскери қызметшісінің қаза тапқаны белгілі болды.

Ол өрт сөндіру командасының бастығы келісім-шарт қызметінің старшинасы Еркін Ерікбайұлы Нәдірбеков, 1979 ж.т., инженерлік оқ-дәрілер қоймасындағы өртті сөндіру жұмысын тікелей басқарған. Жарылыс кезінде оқиға орнында көз жұмды. Ол 27 тамыз күні таңертең хабарсыз кеткен әскери қызметшілер тізімінде болатын.

Қорғаныс ведомствосының басшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады. Қорғаныс министрлігі оның отбасына қажетті көмек көрсетеді.