Ресми түсіндірме

Ресми түсіндірме

Жамбыл облысындағы әскери бөлімнің қоймасында тұтанған өрт жалғасуда.

Қоймада инженерлік оқ-дәрілер сақталады. Оқ-дәрілердің бұл түрі жоюға арналған және онда алысқа ұшатын снарядтар жоқ. Сондықтан жарылыстардың нәтижелерінде оқ-дәрілердің қалдықтары мен фрагменттері ұшқан жоқ.

Жарылыстар негізінен соққы толқыны, қатты дыбыстық әсер және жалын сипатында орын алуда.

Медициналық көмекке жүгінген әскери бөлімнің 12 әскери қызметшісі туралы мәліметтер бар.

Осы әскери бөлімде қызмет атқаратын мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер Жамбыл облысының әскери бөлімдеріне көшіріліп, орналастырылды.