Ресми түсіндірме

Ресми түсіндірме

Бүгін сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қоймалардың бірінде шыққан өртті жою жалғасуда.

Әскери бөлімнің өрт сөндіру командалары мен шынжыр табанды арнайы өрт сөндіру техникасы, сондай-ақ Жамбыл облысы бойынша ТЖД-ның өрт сөндіру есептоптары жұмылдырылды.

Қоймада көбінесе ұзақ қашықтыққа қабілетті емес инженерлік оқ-дәрілер сақталады. Барлығы 6 жарылыс орын алды.

Сонымен қатар, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын эвакуациялау басталды. Медициналық көмекке жүгінген 32 зардап шегуші туралы мәліметтер бар, оның ішінде 10-ы әскери қызметші.

Оқиға орнына ӘӘК әскери-көлік авиациясының бортымен Қорғаныс министрі, Төтенше жағдайлар министрі, Қорғаныс министрінің орынбасары және қорғаныс ведомствосының комиссиясы ұшып шықты.