Қорғаныс ведомствосының басшысы Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының әскери қызметшісін Олимпиадада алған жүлдесі – қола медальмен құттықтады

Қорғаныс ведомствосының басшысы Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының әскери қызметшісін Олимпиадада алған жүлдесі – қола медальмен құттықтады

Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Олимпиада турнирінде бокстан үшінші орын иеленген ефрейтор Сәкен Бибосыновқа арнайы құттықтау жолдады.

– Сіз ерік-жігеріңізді шыңдай отырып, барлық қиындықты еңсеріп, Олимпиаданың қола жүлдесін алдыңыз. Бүгінгі сіздің жетістігіңіз армия спортын дамытудың жоғары деңгейінің көрсеткіші. Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі мен ел әскерінің айбынын асқақтату жолындағы абыройлы қызметте толағай табыс тілеймін! – деп атап өтті Қорғаныс министрі.