Қазақстан мен Ауғанстанның әскери ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау жөнінде құжат әзірленді

Қазақстан мен Ауғанстанның әскери ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау жөнінде құжат әзірленді

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Үкімет қаулысының жобасы әзірленді.

Бұл нормативтік құқықтық акт 2021 жылғы 18 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы келісімнің күшіне енуі бойынша мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу мақсатында әзірленді.

Келісім екі елдің қорғаныс ведомстволары арасында екі жақты қатынастарды орнату және дамыту үшін құқықтық негіз құруға бағытталған.

Аталған құжатты ратификациялау қорғаныс саясаты, әскери ғылым, білім және медицина, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және техникалық жәрдем көрсету, жауынгерлік даярлық, әскери барлау және басқа да салаларда әскери ынтымақтастықты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Құжаттың толық мәтінімен ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=10380241.