Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдері тексерілді

Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдері тексерілді

Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов бастаған комиссия Шығыс Қазақстан облысында орналасқан әскери бөлімдерді тексерді.

Тексеру барысында әскерлер қызметін ұйымдастыру, қару мен оқ-дәрілердің, материалдық қорлар мен жанар-жағармай материалдарының сақталуы, сондай-ақ зениттік зымыран дивизиондары мен радиолокациялық бөлімшелер жеке құрамының әуе кеңістігін күзету бойынша жауынгерлік кезекшілікті атқаруы мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Комиссия әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын да тексерді.

– Бүгін әуе шабуылына қарсы қорғаныс мамандары жауынгерлік әзірліктің талап етілетін деңгейін ұстаумен қарқынды жауынгерлік даярлық жүргізеді, күрделі техниканы меңгереді. Оның айқын дәлелі ретінде ТМД әуе шабуылына қарсы қорғаныстың біріккен жүйесінде әскерлерді әртүрлі тексеру, жауынгерлік оқ атумен оқу-жаттығудың және жаттықтырудың жоғары нәтижелерін айтуға болады, – деп атап өтті бас қолбасшы.

Тексеру нәтижелері бойынша командирлерге ұсынымдар мен бірқатар нұсқаулар берілді. Одан басқа, оларға қару мен оқ-дәрілерді сақтау, құжаттаманы жүргізу мәселелерінде басшылық құжаттардың талаптарын сақтауға байланысты практикалық көмек көрсетілді.