Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің «Қазақстан Республикасының жергілікті әскери басқару органдары азаматтық қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 31 наурыздағы № 134 бұйрығына өзгерістер енгізіледі.
Жаңа редакцияда нақты орындалатын функционалдық міндеттер ескеріліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкелуі мүмкін тиімсіз біліктілік талаптары алынып тасталды.
Бұйрық жобасымен 2021 жылғы 15 маусымға дейін ашық нормативтік құқықтық актілер порталында келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=9146798.