Әуе қорғанысы күштерінде 500-ден астам сарбаз ант қабылдады

Әуе қорғанысы күштерінде 500-ден астам сарбаз ант қабылдады

Жас буындардың әскери ант қабылдау салтанатты рәсімдері Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Түркістан облыстарында өтті.

Әскерге шақырылушылар әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің жеті әскери бөлімін толықтырды.

– Бүгін сіздер үшін ең маңызды сәт. Отанды абыроймен қорғап, атан-аналарың, қарулас достарың мен жақындарыңның сенімін ақтаңдар, - деді Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Асхат Сайлыбаев.

Бозбалалар әскерге бір ай бұрын ғана шақырылғанына қарамастан, әскери істің қыр-сырын үйреніп, жалпыәскери жарғылардың негізгі талаптарын зерделеді.

Бір жыл бойы әскери қызметшілер әскери істі зерделеп, білімдерін іс жүзінде қолданады, сондай-ақ елдің әуе шептерін қорғап жүрген жауынгерлермен қатар қызмет ететін болады.

Жастарды әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне іріктеуге және шақыруға ерекше көңіл бөлінеді. Өйткені аталған жерде қызмет өткеру кезінде нақты ғылымдар мен IT-технологиялар саласында білімі болуы қажет.