Қазақстанның елді мекендерінде көшпелі әскери көрме өтуде

Қазақстанның елді мекендерінде көшпелі әскери көрме өтуде

Қарулы Күштері Әскери-тарихи мұражайының «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы – Қазақстан» атты көшпелі көрмесі Ақмола облысының Ақмол ауылында және Түркістан облысының Арыс қаласында ұйымдастырылды.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ғылыми материалдар мен бірегей экспонаттар - экспозицияның негізі. Қазақстанда аталары ХХ ғасырдағы қан майданда соғыспаған бірде-бір отбасы жоқ. Сондықтан көшпелі көрменің тақырыбы әрбір отандасымыздың жүрегіне жетері анық.

- Көшпелі көрмелер жыл сайын еліміздің түрлі өңірінде өткізіледі. Біз қазақстандықтардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі туралы тек майданда ғана емес, тылда да айтамыз. Бұл жоғары патриоттық және азаматтық сезімдердің қалыптасуына ықпал етеді. Әрине, мұндай іс-шараларды өткізу мүмкіндігінің арқасында адамдардың өнер мен мұражай ісіне деген қызығушылығы арта түседі, - деді Әскери-тарихи музей бастығының орынбасары капитан Салтанат Ермұханова.

Арыс қаласының мәдениет үйінде мерекелік концерт өтті. Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың әртістері қала көшелерімен жүріп, әйгілі Жеңіс әндерін орындады.

Түркістан облысында көшпелі көрменің экспонаттары жергілікті әскери басқару органдарына уақытша пайдалануға берілетін болады. Бір ай ішінде көрмені жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары тамашалай алады.