Бірлескен инженерлік бөлімше құру туралы құжат әзірленді

Бірлескен инженерлік бөлімше құру туралы құжат әзірленді

«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдер қарулы күштерінің бірлескен гуманитарлық минасыздандыру инженерлік бөлімшелері туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді.

Аталмыш қаулы жобасы 2020 жылғы 18 желтоқсанда жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен гуманитарлық минасыздандыру инженерлік бөлімшесі туралы келісімнің күшіне енуі бойынша мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу үшін әзірленді.

Бұл жобаның мақсаты – бірлескен бөлімшені құру, қолдану және қызметін аяқтау тәртібін, қабылдаушы тараптың аумағында гуманитарлық минасыздандыруды жүргізу кезеңінде оның мәртебесін айқындау болып табылады.

Құжатта Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдерге кірмейтін  мемлекеттер аумақтарында гуманитарлық минасыздандыру міндеттерін орындауға бірлескен бөлімшені тарту мүмкіндігі көзделген.

Жоба ашық құқықтық-нормативтік интернет порталында жарияланған және мына сілтеме арқылы қарауға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=7862778.