Бірлескен байланыс құру туралы құжат әзірленді

Бірлескен байланыс құру туралы құжат әзірленді

«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен (біріккен) байланыс жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді.

 

Аталмыш қаулы жобасы 2020 жылғы 29 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен байланыс жүйесі туралы келісімнің күшіне енуі бойынша мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу үшін әзірленді.

Бұл жобаның мақсаты – ТМД-ға қатысушы елдердің қарулы күштері арасындағы өзара қарым-қатынасын дамытуға бағытталған бірлескен байланыс жүйесін құру.

Нәтижесінде бірлескен техникалық тәсіл негізінде бірыңғай байланыс жүйесін дамыту күтіледі.

Жоба ашық құқықтық-нормативтік интернет порталында жарияланған және мына сілтеме арқылы қарауға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=7862609.