Қорғаныс министрі «Алтын жебе» арнайы операциялар күштерінің компоненттерін кешенді тексеру барысын қадағалады

Қорғаныс министрі «Алтын жебе» арнайы операциялар күштерінің компоненттерін кешенді тексеру барысын қадағалады

Ақтау гарнизонында қорғаныс ведомствосының басшысы арнайы операциялар күштерінің құрамдарын тексерудің екінші кезеңі өтіп жатқан оқу-жаттығу полигондарын аралады.

Бұл тексеру Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің және Әскери-теңіз күштерінің бөлімшелерін қамтыды.


Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев 2020 жылы әскерлерге жауынгерлік оқу-жаттығудың маңызды бағыты ретінде енгізілген, тактикалық атыс жаттығуларын орындау барысымен танысты.


Бұдан өзге, тексеруге суға десант түсіру мен кемелердің диверсиясына қарсы шараларды орындайтын бөлімшелердің жауынгер жүзгіштері де қатысты. Ал Әскери-әуе күштерінің армия авиациясы осы кезде жеке құрамды жеткізу мен десант түсіру міндеттерін орындайды.


Жуырда әскерлерде жеңіл техникамен тікұшақтардан десант түсіру тәсілдері, сондай-ақ төтенше жағдайларда психологиялық тұрақтылықты арттыру бойынша арнайы жаттығулар пысықталғанын айта кеткен жөн.


Сонымен қатар, Қорғаныс министрі гарнизонның әскери бөлімдерінің қоймаларында қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтаудың ұйымдастырылуын тексерді.


Қорғаныс ведомствосының басшысы әсіресе, өрт пен диверсияға қарсы қауіпсіздіктің жай-күйіне, техникалық күзет құралдарының дұрыстығына, сондай-ақ сақтау объектілерінде қарауылдық қызметті ұйымдастыруға назар аударды.