ҚР Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 25 шілдедегі № 382 бұйрығына өзгерістер дайындады.
Өзгерістер нормативтік құқықтық актіні ҚР Конституциясына және заңнамалық актілерге сәйкес келтіру қажеттігінен туындады.
Қарулы Күштері әскери полиция органдарының патрульдік-бекеттегі қызметінің жұмысы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарымен және ҚР Қорғаныс министрінің бұйрықтарымен регламенттеледі. Негізгі міндеті – Қарулы Күштерде құқық тәртіпті қамтамасыз ету, құзырет шегінде қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және анықтау болып табылады.
Құжаттың толық мәтінімен 2021 жылғы 4 наурызға дейін ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6988333.