Қазақстанның әуе күші заманауи зениттік зымыран кешенімен нығайтылды

Қазақстанның әуе күші заманауи зениттік зымыран кешенімен нығайтылды

Еліміздің әуе кеңістігін қорғау үшін Қазақстанның әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне алғаш рет өзі тәріздес техниканың ең тиімді өкілдердің бірі болып саналатын жаңа заманауи көпфункционалды «БУК-М2Э» зениттік зымыран кешенімен толықты.

 «БУК-М2Э» – жоғары мобильді заманауи зениттік зымыран кешені, ұшу аппараттарын 99%-ға дейін зақымдау тиімділігі бар зымырандармен жабдықталған.

Аталған кешен құрамына жарықтандыру және бағыттау радиолокаторы, нысандарды анықтау станциясы, командалық пункт және іске қосу қуаттау қондырғылары, сондай-ақ жауынгерлік тапсырмаларды орындауды қамтамасыз етуге арналған жөндеу шеберханалары мен арнайы зертханалар кіреді. Зениттік зымыран кешені шынжыр табанмен жүруге негізделген. Кешеннің басты артықшылығы ол қозғалыстағы әуе нысаналарына зымырандарын ұшыруды іске асыруға мүмкіндік беретін ұтқырлығы мен жоғары өтімділігі бар.

 «Бук-М2Э» көпфункционалды зениттік зымыран кешені «Алмаз-Антей» ШҚО концерні» АҚ-да дайындалған. Қазіргі уақытта зауыт мамандары кешенді тапсыру және оны Қазақстанның ӘШҚҚ әскерлеріне қаруландыруға қою жөнінде жұмыстарды жүзеге асыруда.

«БУК-М2Э» орта қашықтықтағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары арасында өзі тәріздес техниканың үздігі деп атауға болады. Жеткізілген кешен әуе кеңістігін және жауапкершілік аймағындағы маңызды объектілерді қорғау үшін әскерлердің жауынгерлік мүмкіндіктерін едәуір арттырады. Сынақтардан кейін ол елдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесіне біріктіріліп, жауынгерлік кезекшілікке түсетін болады», - деп ҚР ҚК ӘҚК бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенант Нұрлан Орманбетов атап өтті.

Кешеннің ерекшелігі – жарықтандыру және бағыттау радиолокаторы. Дәл осы ерекшелігі жасыруға тиімді жер бедерлерінде де әрекет етуге мүмкіндік бере отырып, төмен ұшатын қарсыластың нысандарымен күресуге ықпал етеді, сондай-ақ бұл кешен зымырандармен қаруланған, оның сипаттамаларына жартылай белсенді өзін-өзі басқару кіреді.

 «Зениттік кешеннің есептеулері бүгінгі техниканы қолдануға әзірлікке келтіру бойынша нормативтерді пысықтады, қарсыластың басқарылатын және дәлдігі жоғары ұшусыз құралдарын имитациялайтын, кейіннен оларды жоятын әуе нысаналарын анықтауды жүзеге асырды. Атыстар бұл кешеннің тиімділігін көрсетті, барлық нысаналар алынды», - деді әуе шабуылына қарсы қорғаныс офицері полковник Асхат Түзелбаев.