Бітімгершілік даярлық орталығында Франция әскери атташесімен кездесу өтті

Бітімгершілік даярлық орталығында  Франция әскери атташесімен кездесу өтті

Екі жақты ынтымақтастық аясында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бітімгершілік даярлық орталығында Француз Республикасының әскери атташесімен кездесу өтті, оның барысында қазақстандық бітімгершілердің француз тілін үйрену мәселелері талқыланды.

Екі жақты ынтымақтастық шеңберінде Қазақстандағы Франция елшілігі жанындағы Француз Республикасының әскери атташесі полковник Жан-Филипп Тардье Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бітімгершілік даярлық орталығына барды.

Бұл сапар Франция Қарулы Күштері өкілдерінің Бітімгершілік орталығының даярлық жұмыстарымен таныстыру мен екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселерін талқылау үшін ұйымдастырылды.

Францияның әскери атташесі өз кезегінде, кездесуге алғысын білдіріп, Қазақстанның бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жөніндегі еңбегін жоғары бағалады.

Кездесу барысында қазақстандық тарап жеке құрамның француз тілін қосымша үйрену мәселесін көтерді, себебі бірқатар елде екінші ресми тіл француз тілі болып саналатын мемлекеттерге БҰҰ-ның бітімгершілік миссиясы жіберілген. Мысалы ретінде Батыс Сахарадағы, Малидағы, Конго Демократиялық Республикасы мен басқа жерлердегі БҰҰ миссияларын келтірді.