Армия спортшылары ел біріншілігінде 9 медаль олжалады

Армия спортшылары ел біріншілігінде 9 медаль олжалады

Шымкентте оқ атудан Қазақстанның чемпионаты өтуде. Орталық спорт клубының қоржыны 2 алтын, 3 күміс пен 4 қола медальмен толықты.

Турнирде кіл мықтылардың қатарынан көріну үшін 100 қатысушы сайысқа түсті. Жарыстың бағдарламасына жеті жаттығу кірді. Спортшылар шағын калиберлі, пневматикалық мылтықтан, сондай-ақ пистолеттің әр түрінен жалғыз және жұптасып атудан жарысты.

Қазақстан Қарулы Күштерінің намысын мергендер Юрий Юрков, Елена Файнберг және Дарья Калинина қорғады.

«Бұл жарыстар биылғы жылдың соңғы жарыстары. Чемпионат барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес өткізілді. Ал армия спортына келер болсақ, олар әрқашан өздері көрсетіп жүрген жоғары, шебер және кәсіби даярлық деңгейін көрсетті. Әскери қызметші Юрий Юрков – «Токио-2021» Олимпиада ойындарына жолдама алғанын айта кетейін», - деп бөлісті аға жаттықтырушы – Орталық спорт клубының оқ және стенд атудан команда бастығы Ольга Важнина.