Бітімгершілік операцияларына қатысу үшін әскери қызметшілерді іріктеуді жүргізу қағидалары әзірленді

Бітімгершілік операцияларына қатысу үшін әскери  қызметшілерді іріктеуді жүргізу қағидалары әзірленді

Қорғаныс ведомствосы «Бітімгершілік операцияларына қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін іріктеуді жүргізу қағидаларды бекіту туралы» бұйрық жобасын әзірледі.

Қағидалар бітімгершілік операцияларына қатысу, халықаралық ұйымдардың штаб-пәтерлеріне іссапарға жіберу үшін ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін іріктеуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

Құжаттың толық мәтінімен ашық үкімет порталының нормативтік құқықтық актілер тарауы арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5503879.