Дәурен Қосанов Мәскеуде өткен ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысты

Дәурен Қосанов Мәскеуде өткен ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысты

  Ресей астанасында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті.

  Отырысқа Қазақстан делегациясын Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов бастап барды.

  Кездесу барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери қауіпсіздігіне қатысты өзекті сын-қатерлер мен қауіптер талқыланды.

  Отырыс қорытындысы бойынша ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің басқару органдары мен күштері мен құралдары құрамаларының 2027 жылға арналған бірлескен даярлық іс-шараларының жоспары бекітілді.

  Сонымен қатар, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің авиациясын дамытуға және әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін жетілдіруге бағытталған шешімдерге қол қойылды.