
Сапар барысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров Түркия Республикасы Ұлттық қорғаныс министрлігінің Ұлттық қорғаныс университетінде оқып жатқан қазақстандық курсанттар және тыңдаушылармен кездесті.
Сондай-ақ Қазақстан Қорғаныс министрлігінің делегациясы Түркия Республикасында өтіп жатқан «SAHA EXPO-2026» қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің халықаралық көрмесіне барды.
Көрме аясында генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров Түркия Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы армия генералы Сельчук Байрактароглу және басқа да лауазымды тұлғалармен бірқатар кездесулер өткізді. Кездесулер барысында екіжақты әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланды.