
Алматыда әскери қызметшілер майданда байланысшы болған Любовь Горковскаяны құттықтады.
Бүгін Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері Любовь Николаевна Горковская 101 жасқа толды.
Оны туған күнімен Алматы қаласы Бостандық ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері мен ҚР Қарулы күштері Ардагерлері кеңесінің Алматы қаласы бойынша төрағасы запастағы майор Ербол Игисинов құттықтады.
Қорғаныс министрінің атынан олар Любовь Николаевнаға алғыс білдіріп, құттықтау хатын табыстады. Әскери қызметшілер оған ізгі тілектерін айтып, оның ерлігі мен өмір жолы өскелең ұрпаққа әрдайым үлгі болатынын атап өтті.
Любовь Горковская 1925 жылғы 20 сәуірде Украинада дүниеге келген. Екінші дүниежүзілік соғысы жылдары ол әскери байланысшы қызметін атқарған. 1-Украина майданы құрамында шайқастарға қатысып, Харьков түбіндегі ұрыстарда, Қырымды азат ету кезінде және Севастополь үшін шешуші шайқастарда ерекше көзге түскен. Соғысты Прибалтикада аяқтаған.
Соғыстағы ерлігі мен жанқиярлығы үшін І және ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, сондай-ақ мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Соғыстан кейін Қазақстанға қоныс аударып, «Қазақфильм» киностудиясында еңбек етті. Сонымен қатар халық шаруашылығының әртүрлі салаларында ұзақ жылдар жұмыс істеп, ел дамуына елеулі үлес қосты.
Қазіргі уақытта ардагер немересімен бірге тұрады. Ол егде жасына байланысты тұрақты күтім мен қолдауды қажет етеді, бұл көмекті әскери қызметшілер көрсетіп келеді.