
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Таалатбек Масадыковпен кездесуі өтті.
Кездесуде тараптар ҰҚШҰ аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, сондай-ақ ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Қорғаныс министрі Ұйымның Қазақстанда ғана емес, тұтастай алғанда, өңірдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті. Сонымен қатар, қазіргі заманғы сын-қатерлер мен қауіптер жағдайында ұжымдық ден қою тетіктерінің өзектілігін ерекше атап өтті.