Қазақстан чемпионатында Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті төрағасының орынбасары күміс жүлде еншіледі

Қазақстан чемпионатында Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті төрағасының орынбасары күміс жүлде еншіледі

  Түркістан қаласындағы Olympic Center спорт кешенінде балуандар арасында дзюдо, самбо және қазақ күресінен өткен Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.

  Біріншілікте еліміздің барлық өңірінен 20 команда құрамында мыңға жуық спортшы бағын сынады. Жарыс жас ерекшеліктеріне қарай М1-ден М9 топтары бойынша өтті. Олардың әрқайсысы жеті салмақ дәрежесінде белдесті.

  Турнирде Қарулы күштер өкілдерінің қатарында ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті төрағасының орынбасары полковник Еркебұлан Түсіпханов лайықты өнер көрсетті.

Дзюдо сайысында ол абсолютті салмақта күміс медаль олжалады.

  Турнир қорытындысы бойынша Еркебұлан Түсіпханов биыл күзде Босния мен Герцеговинада өтетін кіл мықтылардың әлем чемпионатына жолдама алды.